Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты
Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты
Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмаған. Cонымен қатар, медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізген.
Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған келіншектің жағдайы жақсарып, 7 маусым күні ауруханадан шығарылған. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше наурыз айынан бері үшінші мегаполисте COVID-19 1176 жағдайы тіркелген. Олардың арасында халықаралық жүк тасымалының жүргізушілері мен Польшадан ұшып келген жолаушы, Ресей Федерациясынан келген азаматтар мен сонда жұмыс істеп жүргендер бар.