weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты

Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты

Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты
ашық дереккөзі
Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмаған. Cонымен қатар, медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізген. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған келіншектің жағдайы жақсарып, 7 маусым күні ауруханадан шығарылған. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше наурыз айынан бері үшінші мегаполисте COVID-19 1176 жағдайы тіркелген. Олардың арасында халықаралық жүк тасымалының жүргізушілері мен Польшадан ұшып келген жолаушы, Ресей Федерациясынан келген азаматтар мен сонда жұмыс істеп жүргендер бар.