Технологиялар дамып кеткен қалалардан шалғай аудандарда тұратын халықтардың баяғыдан бері келе жатқан өз салт-дәстүрлері бар. Олардың бірқатары бүгінгі күннің адамдары үшін мүлде жат дүние. Мәселен қиыр солтүстікті мекен еткен шуңчалар өздерінің қызықты отбасылық қарым-қатынастарымен танымал.
Шуңчалар қиыр солтүстікте мекендеген өзіндік салт-дәстүрлері бар халық. Олар ерекше неке шарттары бойынша өмір сүреді бұл салттың арқасында отағасынан айырылған отбасы арнайы көмекке ие бола алады. Яғни марқұмның ағасы немесе інісі жесір қалған әйелге үйленуге мәжбүр болады.
Оған қоса шуңчаларда топтық неке шарты қарастырылған. Яғни отбасылы ер адамдар жанұяларды біріктіру арқылы үйлескен еңбек және қаржылай көмекке ие болады соған орай мұндай келісімге кедей азаматтар ауқатты жанұялармен отыруға барынша тырысады. Ең қызық топтық некедегілер бір-бірінің әйелімен еркін түрде төсектес бола береді.
“Топтық некеге отырған ер адамдар бір-бірінің әйелімен рұқсатсыз ақ жыныстық қатынасқа түсе береді. Кейде топтық неке шартына қарамастан азамат өз жарын басқа досымен төсектес болуына да рұқсат беріп жататын оқиғалар жиі кездеседі. Шуңчалар үшін бұл мәселеде тұрған ештеңе жоқ”- дейді зерттеуші этнограф Владимир Богораз. Топтық некеде туылған балалардың барлығы бір-біріне туған ағайын болып есептелінеді үйткені бүлдіршіндер бір отбасыдан шыққан болып саналады. Сол себепті топтық неке бедеулікке шалдыққан ерлер үшін таптырмас мүмкіндік.
Дайындаған: Ділдақан Майра