Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Орталық және Оңтүстік Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 1,76 млн адам зардап шекті, 9 адам қаза тауып, тағы 5-еуі із-түзсіз жоғалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, бұл, Қытайдың сегіз провинциясы мен автономды аудандарындағы (Цзянси, Хунань провинциясы, Гуанси-Чжуан автономды ауданы және т.б.) 8 маусым күнгі мәліметтер. 120 мың адам эвакуацияланып, 900 ғимарат қираған, 13 мыңнан астамы зақымдалған. 113,5 мың гектар егістік жер зардап шеккен. Тікелей экономикалық шығын 28,8 млрд юаньға бағаланып отыр.