Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз» - аурудың екінші толқыны туралы Надыров

«Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз» - аурудың екінші толқыны туралы Надыров

«Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз» - аурудың екінші толқыны туралы Надыров
ашық дереккөзі
Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқынына дайындықтың басталып кеткенін айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Надыровтың сөзінше медициналық қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Алматы қаласының мамандары арнайы қорғаныш құралдары мен тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген деп отыр ол.   - "Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген", - дейді Надыров. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы коронавирустың екінші толқыны туралы айтып өтті. Қазіргі таңда вирустың жаңа әлде қайда күшті формасына дайындық бастап кеткендерін айта кетті Надыров. - "Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса деп", - дейді Надыров. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Надыров ауру белгілері жоқ науқастар емдеуді қажет етпейтіні туралы жазған болатынбыз.