Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Блок-бекеттегі апат. Үшінші полицей есін жиды

Блок-бекеттегі апат. Үшінші полицей есін жиды

Блок-бекеттегі апат. Үшінші полицей есін жиды
ашық дереккөзі

 Алматы блок-бекетінде болған апаттан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым есін жиды. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пациенттің жағдайы тұрақты. Есі кірген, тексерулерге реакция білдіріп, сұрақтарға жауап береді. Уақыт пен кеңістікте ажырата алады. Бас ауруы және бас айналуы түріндегі орташа жалпы ми синдромы сақталған. Қозғалыс жүйесінде парездер мен сал болып қалу белгілері жоқ. Палатада өз бетімен жүріп қозғалады, - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Естеріңізде болса, 25 мамыр күні Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі блок-бекетті қағып өтіп, патрульдік машинаға келіп соғылған еді. Көлік салонында екі полиция, Дастан Әбдіқанов пен Жарас Жанғазиев болған, оның біреуі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі есін жимаған күйі ауруханада қайтыс болды. 26 жасар Ербұлан Сейдазы қайғылы оқиға күні блок-бекетте кезекшілік етіп, бас жарақатын алған. Апатқа кінәлі азамат екі айға қамауға алынды. Блок-бекетті қағып өтіп, екі адамның өліміне себепкер болған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.