Бұған дейін Атыраудан Мака деген лақап есіммен белгілі Марғұлан деген ер адамның иттің басын тоңазытқышқа қысып, үстінен аяғымен басып қинағанын жазған едік.
Кейін ол заң жолымен жауапкершілікке тартылып, «иттің туған қызын қауып ала жаздағанын, бау-бақшасын таптап кеткенін, сол үшін жазаламақ» болғанын айтып, кешірім сұраған болатын. Енді қорлық көрген ит мұхит асып, шетелге кетпек.
АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын ерлі-зайыптылар итті асырап алу үшін тиісті құжаттарын рәсімдеп жатыр. Қазіргі күні шетелдік жұп елдің батыс аймағы бойынша хабарландыру беріп, онымен «бірге ұшатын серік», басқаша айтқанда, ұрғашы ит іздестіруде. Америкалықтар «Біз бұл балақайды жаңа өмірге әкелеміз» деп уәде беріп отыр. Құралай Қуатова
Ақпарат: https://inbusiness.kz/