"Қазақстан" телерадиокешені қызметкерлері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкелер палатасының өкілі коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаменті мәлім етті.
"Қазақстан" ТРК 24 адам індетке шалдыққан. Кәсіпкерлер палатасында аурудың өруі байқалмайды. Тек бір адам коронавирус жұқтырғаны расталды", - делінген ресми хабарламада.
Санитарлық дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, телеарна қызметкерінің ауруға тап болғаны профилактикалық тексеріс барысында анықталған. Олармен байланыста болғандарға да сынама жасалыпты.
Бұған қоса "Қазақстан" телеарнасымен бір ғимаратта орналасқан "Еуразия бірінші арнасының" қызметкерлері де тексеруден өтіпті.
Еске салайық, бұған дейін "Еуразия" телеарнасының екі қызметкері коронавирус жұқтырғандықтан Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиа" орталығы карантинге жабылғаны айтылған еді.