Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Шымкенттен әскери борышын өтеуге келген»: ШҚО-да соңғы коронавирус жұқтығандар туралы

"Шымкенттен әскери борышын өтеуге келген": ШҚО-да соңғы коронавирус жұқтығандар туралы

«Шымкенттен әскери борышын өтеуге келген»: ШҚО-да соңғы коронавирус жұқтығандар туралы
ашық дереккөзі

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 5 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Covid-19 Семей қаласындағы 1960 жылғы әйел мен 1948 жылы туған ер адамнан және Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскери борышын өтеуге келген 1997, 2000 және 2002 жылғы азаматтардан анықталған. "Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 2 науқастан зертханалық талдау бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан алынса, қалған 3 адамнан профилактикалық мақсатта скрининг кезінде анықталды. Қазіргі уақытта қауіпті детті жұқтырған пациенттердің барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болғандарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін аумақтық басқарма мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға дезинфекция жүргізілуде", - деді ШҚО әкімдігінде. Мекеме эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатқанын атап өтті. Айта кетейік, өңірде барлығы 190 адам коронавирус жұқтырып, 65 адам айыққан, 1 науқас көз жұмды.