Өз ата-анасы қоқысқа тастаған сәбиді танымал актер асырап алған

Өз ата-анасы қоқысқа тастаған сәбиді танымал актер асырап алған

ашық дереккөзі

Атақ пен байлық адамды өзгертеді деп жатады. Алайда танымалдығына қарамай, адамгершілік қасиетін сақтап қалғандар да жетерлік. Оның бірі Үндістандық танымал актер Митхун Чакраборти. Көпшіліктің көзайымына айналған актерді білмейтін жанның өзі жоқ шығар. 80 жылдарда "Танцор Диско", "Танцуй, танцуй" фильмдерімен әлемге аты танылып, әлі күнге дейін алдыңғы қатардағы әртіс болып қала бермек. Оның кино карьерадағы жеткен жетістіктеріне тоқталсақ, ол 350 фильмдерде басты рольді сомдап, Гиннестер кітабына енген актер. Атақты актердың өміріндегі ерекше оқиғасын бірі білсе, бірі білмейді. Оның жары Йогитомен екеуінің үш ұлы бар. Жалғыз қызы- Дишанидың тағдыры, тіпті ерекше.  Оқиға 90 жылдары болған. Жергілікті басылымдар қоқыстан табылған қыз туралы жарыса жазады. Шыр етіп, дүние есігін ашқан бейкүнә сәби бірнеше сағат қоқыс жәшігінде жатып қалады. Жақын маңда өтіп бара жатқан жаяу жүргінші, нәрестені ауруханаға апарады. Өте әлсіреп қалған сәбидің өмір сүріп кетуі екіталай болады. Алайда ақ халаттылардың өлімге араша түсуімен, сәби аман қалады. Кейбір мәлімет бойынша, қоқыстан әлгі сәбиді тауып алған Митхунның өзі делінген. Қалай болса да, бұл оқиға көптің есінен шыққанымен, Митхунның есінен шықпай қояды. Актер қоқыстан табылған қызды асырап алуға бел буады.  Сонымен не керек, бала асырауда қаншама қиындыққа тап болса да, Митхун алған бетінен қайтпайды. Бірталай құжаттарды рәсімдеп, жары Йогитамен әлгі қыздың заңды түрде ата-анасы атанады. Дишани Чакраборти отбасының мүшесіне айналады. Бала кезінен асырап алғанын біліп өссе де, Дишани ешқашан өгей екенін сезбей өседі.  Актердің жалғыз қызы сұлу бойжеткен болып өсіп келеді. Әке жолын қуып, актерлік өнер бойынша білім алуда.  Бүгінгі таңда тағдыр күліп баққан Дишани жетістіктерімен ата-анасын қуантып келеді. Өзінің өнері мен түр-келбетімен ерекшеленетін ол, болашақта үміт күттіретін актрисалар қатарында болуы әбден мүмкін.  Осылайша әлемге аты әйгілі актер атақ пен байлық адамды өзгерте алмайтынын дәлелдеген жан. Ал қоқыстағы сәбиге тағдырдың өзі керемет тосын сый дайындағаны анық. Өз әке-шешесі керек етпеген оны, шын қадірін білген жақсы жандардың отбасында тәрбиеленуде.

Жүктелуде...