81 жастағы қарт сотын 40 жыл түрмеде күтіп, қайтыс болған

81 жастағы қарт сотын 40 жыл түрмеде күтіп, қайтыс болған

ашық дереккөзі

Ямайкада 81 жастағы Ноэль Чемберс 40 жыл бойы сотты күтіп, түрмеде қайтыс болған. Жергілікті Loop News Jamaica басылымның мәліметінше, биылғы жылдың басында қайтыс болған оның өліміне өткен аптада ғана мән беріле бастаған. Олай болмас па еді, кім білсін, егер де әлгі кісінің суреті әлеуметтік желіде тарап кетпегенде?! Суретте 81 жастағы қарттың денесін жәндіктер шағып тастағаны анықталған. Әрі оған дер кезінде медициналық көмек те көрсетілмеген. Ал ресми өлімі себебін бүйрек инфекциясынан деп қорытындылаған. Осыдан кейін құқық қорғаушылар суретке мән беріп, зерттеу жүргізуді талап еткен. Кейін анықталғанындай, 2019 жылдың қарашасында Чемберс медициналық тексеруден өткен. Ол кезде ішіп-жеуден қалған ол, көзінің көрмейтініне шағымданған. Және тұмау белгілеріне ұқсас аурумен ауырғаны белгілі болған. Өлерінен бір күн алдын ол ес түссіз жатқан. Ол 1980 жылы адам өлтірді деген айыппен, түрмеге қамалған. Алайда қылмысы анықталып, сотталмаған. Есінен ауысқан делініп, түрмеге отырғызылған. Тексеру кезінде құжаттардың шикі тұстары анықталған. Оның "айыпты" деген сөзі "ақыл есі дұрыс емес" деп өзгертілген. 2003 және 2009 жылдары қария психиатриялық сараптамадан өтіп, алғашқы берілген қорытындыдағыдай, ешқандай ауытқу жоқ және сотқа қатыса алатыны жазылған. Чемберстің ісіне қатысты құжаттар бола тұра, сараптамадан соң, сот өткізілгені туралы бірде-бір құжат табылмапты. Осылайша қария қылмыскер деген айыппен түрмеге жабылып, 40 жыл бойы әділдік сотын күтумен өткізіпті.

Жүктелуде...