Жаңалықтар

Түркістан облысында АӘК алатын азаматтар бақшадан мол өнім алуды үйренді

Түркістан облысында АӘК алатын азаматтар бақшадан мол өнім алуды үйренді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Соның бірі - үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне  сілтеме жасап. Бүгін осыған орай Түлкібас ауданы Шақпақ ауыл округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан әкімі Н.Байғұт, шаруа қожалық төрағалары мен мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымсыз грант алатын азаматтар және аудан тұрғындары қатысты. Семинардың мақсаты - үй іргесіндегі жерге израильдік технологияны енгізудің тиімділігін түсіндіру. Мемлекет тарапынан АӘК пен қайтарымыз грант алатын тұрғындарға өз кәсібін ашуға бағыт-бағдар беру, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ету. Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес, аудан әкімі бастаған округ әкімдері мен семинарға қатысушылар тамшылатып суғару тәсілін қолданып, үй іргесіндегі жерге қызанақ отырғызған жеке кәсіпкер З.Рахматуллаеваның үйіне барды. Онда аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы семинарға қатысушыларға израильдік технологияның тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетіп, түсіндірді. Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасына арам шөп шықпайды. Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасына арам шөп шықпайды. Израильдік технология орнатылған егістік алқабында АӘК пен қайтарымсыз грант алатын тұрғындармен сұхбат құрған аудан әкімі Н.Байғұт тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыны пайдалана отырып, тұрмыстық жағдайын жақсартып алу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, көшпелі семинарға қатысушылар «Береке», «Империя», «Жарқынбек» және «Ақбиік» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, қажетті мағлұматтар алды. Сонымен қатар, көшпелі семинарға қатысушылар «Береке», «Империя», «Жарқынбек» және «Ақбиік» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, қажетті мағлұматтар алды.