Астанада "7-20-25" пәтерлерінің жәрмеңкесі өтеді

20 Қыркүйек, 2018 686 0

Алдағы демалыс күндері Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылып жатқан пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Баспана" Ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.

«Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» Ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.