Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әр замандағы шашты тақырлап алу мәні

Әр замандағы шашты тақырлап алу мәні

Әр замандағы шашты тақырлап алу мәні
ашық дереккөзі
 width=Карантин уақытында танымал болған челлендждің бірі – шашты сыпырып алып тастау. Жұлдыздардың басым бөлігі өзара жарысып, оны әлеуметтік желіге жарияласа, Риз Ахмед секілді британ актері осылайша қайырымдылық қорына ақша жинады. Биылғы сәнді шаш үлгісі десек те қателеспейміз. Дегенмен, шашты түгелдей қырып тастау тарихтың әр кезеңі және өркениетінде түрлі мәнге ие болған. Ежелгі Египетте абыздар шашты түрлі бит секілді жәндіктерден қорғану үшін және тазалық үшін қырып тастаған. Буддизм сопысы секілді  ежелгі мәдениетте шашты сыпырып алып тастау өз дініне деген құрметі мен атақ-даңқтан бас тарту белгісі ретінде қалған. XIX ғасырда Американың жергілікті тұрғындары үндістер тайпасында шашы толықтай алынған адамға қарап, оның даңқты қолбасшы екенін білген. Кейбір мәдениетте шашты сыпырып алып тастау қанау белгісі ретінде сипатталады. Мысалы, көптеген психологиялық ауыр фильмдер, абақты немесе жазалау әрекетімен тығыз байланысты картиналарда міндетті түрде шашты алып тастайды. Әскерге қабылдар алдында да шашты алу міндетті саналады. Бұл арқылы адамның даралағын жоғалтып, бағындыру мақсатында құрал етіп қолданады. Кей деректе ер адамдардың бас сүйегінің пішіні оның күші мен батылдығынан хабар береді деп те көрсетіледі. Ал әйел адамдар үшін шаштың сыпырып алып тастау – жазаның ауыр түрі. Мысалы, 1944  жылы ұлтшылдармен бірге жұмыс істегені үшін француз әйелдерін жазалау кезінде оларды Париж көшелерін жалаңаяқ, шашсыз және беттеріне фашист белгісін салып жүруге мәжбүрлеген: өйткені, олардың сол келбеті ұлтшылдардың өлім лагерінің тұтқындарын еске салған. Ишара  width= 1960 жылдардың басында Лондонның шығыс аймағында жастардың жаңа субмәдениеті қалыптасты. Оны тарихта скинхед деп атайды.  Жұмысшы тап өкілдері шаштарын түгелдей алып тастап, аяқтарына әскери етік, үстеріне кең бомберлер киеді. Олар бастапқыда бай балаларының арасында кеңінен тараған хиппи сәніне антиүлгі ретінде қалыптасады. Тұрғындар үшін олардың образы қорқынышты болып көрінеді, уақыт өте ол қатарға нәсілшілдер мен ұлтшылдарды қолдайтындар қосылып, шынымен қоғамға қауіп төндіре бастады. Бұдан кейін дамыған музыкалық субмәдениет үшін шашты сыпырып алып тастау символға айналады. 1990 жылдардың басында феминистік панк-қозғалыстың негізін қалаған Кэтлин Ханна шашын алып тастау арқылы гендерлік таптаурынға қарсы шыққанын айтады.  1990-жылдардың ортасында музыка индустриясында жүргендердің басым бөлігі бұл образды сәнге айналдырды. Әсіресе, "Nothing Compares 2 U" бейнбаянындағы Шинейд О'Коннордың бейнесі біраз уақыт тілге тиек болады.  Дегенмен, бұл бьюти-тренд әйел адамдар арасында сәнге ене қоймады.     [caption id="attachment_10131" align="aligncenter" width="2560"] width=

[/caption] Сол онжылдықта "Бөгде 3" фильміндегі рөлі үшін Сигурни Уивер шашын толығымен алып тастайды. Фильмдегі рөлі арқылы Уивер өз кейіпкерінің ер адамдармен бірге күресе алатынын көрсетпек болады. Одан бөлек, "Джейн әскери" (1997) фильмінде Деми Мур да шашын алады. Бұл екі рөлде гендермен байланысты таптауырындарды жоққа шығару мақсат болып қана қоймай, әйел адамдар мен ер адамның тең құқығын көрсететін қозғалыс символы болады.   Голливудта одан бөлек, актрисалар тек кейіпкерінің мінезін айқындай түсу үшін ғана емес, өздеріне тағылатын түрлі сыни пікірден арылу үшін жасаған. Мысалы, Натали Портман "V — дегенім вендетта" фильмінде шашын алып тастап, көрермен назарын өзіне аударған болатын. Ол оған дейін "Жасырын қатер" (1999) фильміндегі ханшайым болмысынан ерекшеленетінін, кейіпкер тек образ екенін көрсетеді.   Ал, халқымыз үшін шаш әйел адамның күшінің қайнар көзі саналған. Шаш қию жамандықтың белгісі саналған. Жау қолына түскен әйел адамның шашын қию арқылы жазалаған деседі. Дегенмен, заман өзгерген сайын шаштың құндылығы да өзгерді. Шаш - әшекей символы. Оны қалағаныңша өзгерте аласың. Бірақ, соңғы бір ай ішінде тренд болған шашты сыпырып алып тастаудың астарында сән, қозғалыс, діни белгілерге қарағанда, көбірек сақтық шаралары мен тазалық жатқанын дәлелдегендей. Сілтеме