Үйленгеннен кейін де көптеген жылдар бойы бұл арман Гиллді қалдырмады. 2015 жылы британдық әйел өзін қолға алып, бұрыннан келе жатқан арманын орындауға шешім қабылдады. Салмағы 140 келі болғандықтан, ол асқазанға шунттау операциясын жасады. Хирургтар оның асқазан көлемін 80 пайызға кішірейтті.
"Кейбіреулер бұл салмақты жоғалтудың жылдам әдісі деп ойлайды, бірақ салмақ жоғалту үшін өмір салтын өзгерту керек. Сіз шынымен артық салмақтан арылуға ниеттенуіңіз керек", - деді ол.
Гилл жергілікті жүгіру клубына қосылып, үнемі таңертең жүгіре бастады. Содан бері ол бірнеше марафонға қатысып, 64 килограмнан арылды. Ол бұл салмаққа қол жеткізіп қана қоймай, оны сақтай алды.