Алматы Қоғамдық даму басқармасына 6 маусымдағы жағдай бойынша әкімдікке бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізу туралы өтініш келіп түспеген. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде ұйымдастыруға үгіттелген митинг заңсыз болып табылады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Митингілерді өткізу тәртібі бұзылды. Заңсыз митингті ұйымдастыру және оған қатысу жауапкершілігі туралы еске саламыз", - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қалалық әкімшілікте сондай-ақ, бүгін, 6 маусымда "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заң күшіне енген болатын. Алайда ұйымдастырушылар мұндай хабарлама берген жоқ.