Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

18 Қыркүйек, 2018 503 0

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр, облыстық деңгейге ауыстырылды. Оның адвокаты мен біздің Қытайдағы консул үнемі байланыста. Қытай заңдарына сәйкес, онда дәл осы істі апелляциялық сотта қараудың белгілі бір мерзімі қарастырылмаған. Енді Қытай тарапынан хабар күтеміз. Шешім шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

Мұның алдында аппеляциялық сот қазақстандық қыздың өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерткен болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтқан еді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.