Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

14 Қыркүйек, 2018 348 0

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады. Қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (sauletuko@yandex.ru, 53-95-56). Жеңімпаздар димломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. c Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқауға талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет.

Бауқауға қатысушалардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары қазылық ететін болады.

 

Пікір қалдыру