«Төріңді ұсын, Түркістан!» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

13 Қыркүйек, 2018 247 0

Елбасы Жарлығымен облыс атауының Түркістан болып өзгеруін түркі дүниесінің қайта түлеуі, рухани жаңғырудың үлкен жетістігі десе болады. Сананың сілкінуі, жадының жаңғыруы, ұлттық кодтың ұранға айналуының өзі осы болса керек! «Оңтүстік Қазақстан» газеті жаңа кезеңге қадам басқан Түркістанның мәртебесін көтеріп, айбынын асқақтату мақсатымен жас ақындар арасында «Төріңді ұсын, Түркістан!» атты облыстық жыр мүшәйрасын (байқау) өткізеді.

 

Байқау шарттары:

 

мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

 

өлең көлемі 10 шумақтан аспауы тиіс;

 

жүлде алған өлең-жырлар газетте жарық көреді.

 

Мүшәйраның жүлде қоры:

 

І орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

 

ІІ орын – 100 (жүз мың) теңге;

 

ІІІ орын – 50 000 (елу мың) теңге.

 

Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Мүшәйраға атсалысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 

Мүшәйраға қатысу

Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін okgazetі@http://xn--gmal-n9d.com/ электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

http://okg.kz/article/?id=14120&slug=tori-di-syn-t-rkistan


Пікір қалдыру