«Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі өткізіліп жатыр

12 Қыркүйек, 2018 554 0

11-12 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Тәуелсіздік сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі өтіп жатыр .

Конгресс кітап оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, оқырмандардың мәдени құзыреттілігін жақсарту, интеллектуалдық әлеуетті арттыру, кітапханалардың әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде қызметін жетілдірудің пікірталас алаңы болып табылады.

Іс-шараға әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро, танымал  жазушылар Януш Вишневский, Георгий Пряхин, Қазақстанның ақындары мен жазушылары: Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев,  Байбота Қошым-Ноғай, Маралтай Ыбыраев және Бақытжан Қанапиянов. 

Талқылауға келесі тақырыптар қойылады:

·         оқу мәдениеті, Кітап пен оқуды насихаттау, оқу тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуының құралы ретінде;

·         әдебиеттегі жаңа үрдістерді түсіндіру, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы шығармашылық интеллигенцияның рөлі, әлемге ұлттық әдебиетімізді насихаттау;

·         жаһандану жағдайында кітапханалық технологияларды трансформациялау, кітапхананы маркетингтік басқару, кітапханалық қызметті және ақпараттық ресурстарды насихаттау;

·         отбасылық оқудың дәстүрлері мен инновациялары.

Конгресс бағдарламасы Пленарлық отырыс және Секциялардағы жұмыс, сондай-ақ көпшілік алдындағы дәрістер, тақырыптық талқылаулар, треннигтер мен шеберлік сыныптарын қарастырады.                          

Конгресс барысында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Іс-шара шеңберінде ҚР Ұлттық электрондық кітапханасының қорын толықтыру үшін сандық кітапханалық жинақтарды өткізу жоспарлануда.

Пленарлық отырысқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ғалым-түрколог Әбдуақап Қара (Түркия, Стамбул), ғалым, аудармашы Хуан Чжонсян (Пекин, Китай), жазушы, журналистПряхин Георгий Владимирович, (Москва, Россия), Италия, Македония, Египет, Иран, Индия, Испания, Пакистан, Түркия, Әзербайжан, Белорусия, Франция елінің ақындары мен жазушылары,Шыңғыс Айтматовтың халықаралық қорының президенті (Ыстықкөл форумы) Асқар Айтматов Шыңғысұлы, (Қырғызстан), маркетинг коммуникациясының маманы, бизнесмен, блоггер Ержан Рашев, баспагер, журналист, бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер туралы  «СОДРУЖЕСТВО ИСКУССТВ» мемлекетаралық ақпараттық-талдамалық журналының бас редакторы Андрей Андреевич Блиок (Россия, Санкт-Петербург), Армениядағы «Комсомольская правда» және «Аргументы недели» газетінің директоры, «Иравнук» газетінің жарнама бөлімінің бастығы Вартан Спартакович Аствацатарян, Бразилия, Венгрия, Грузия, Болгария, Қырғызстан, Корея, Молдова, Латвия, Ресей және т.б. Ұлттық кітапхананың директорларықатысады.  

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі

Пікір қалдыру