Үкіметте халықты еңбекке тарту аясында жиын өтті

28 Тамыз, 2018 260 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова баяндама жасады, - деп хабарлайды "NewsRoom+" АА ontustik.gov.kz сілтеме жасап.

Мұнан соң, Үкімет басшысы республика аймақтарындағы жағдайдың барысы туралы әрбір облыс, қала әкімдерінің мәліметтеріне қанықты.

Өз кезегінде сөз алған Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жол картасын іске асырудың нәтижесінде, өзектендірілуі тиіс облыстағы адамдардың саны 626 мыңды құрайтынын жеткізді.

"Қазіргі таңда оның 70 пайызы, яғни 436 мыңы өзектендірілді. Өзектендірілуге тиіс қазір 30 пайыз, яғни 190 мың адам. Бұл 190 мың адамның 90 пайызы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар. 6,5 пайызы үй шаруасындағы әйелдер. 2,2 пайызы мәртебесі анықталмағандар. 1 пайызы бала күтіміндегі әйелдер, студенттер және қайтыс болғандар. Бейресми жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар бойынша нақты іс-шара жоспары түзілді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтарға еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде 65 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланды", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы 2018 жылдың 27 тамызына мәртебесі анықталған 18,3 мың адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 18466 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа жолданғанын жеткізді. 

Аймақтардың аталған мәселе аясындағы баяндамаларын тыңдаған Б.Сағынтаев формальді емес жұмыспен айналысатын адамдарды ел экономикасына тарту жұмыстарын жалғастыруды барша облыс әкімдеріне тапсырды.

 


Тегтер: жұмыссыздық, шаралар, Үкімет, Түркістан, облыс, аймақ

Пікір қалдыру