Танымал филантроп тағы да таң қалдырды

05 Қыркүйек, 2018 275 0

Отандық танымал кәсіпкер және түрлі қайырымдылық шараларымен танылған меценат Оралбек Ботбай өткен Конституция күні қарсаңында тағы бір игі істің басынан табылды деп жазды qasym.kz сілтеме жасаған newsroom.kz.

Астана маңындағы Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты, Қосшы ауылының маңындағы қалашықта тұратын ол 1 шақырымға жуық топырақ жолды толық жөндеуден өткізіп, көршілеріне тосын сый жасады.

«Конституция күнімен барлық отандастарымызды құттықтаймын! Мереке күнгі демалысты пайдаланып, Астана маңындағы өзім тұрып жатқан шағын ауданның 1 шақырымына жуық топырақ жолын жөндеттім. Әлеуметтік желіге енді қол жетті. Көрші ақысы – Тәңірі ақысы дейтін қазақ емеспіз бе? Мүмкіндік жетсе, барша бауырларымызға мейірім танытқанға не жетсін?» – деп жазды О.Ботбай әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Оралбек Қожамжарұлының бұл еңбегін ескерусіз қалдырмаған әлеуметтік желі қолданушылары: «Алла разы болсын. Осындай азаматтарды алла қолдасын», «Жарадыңыз аға! Бәріне үлгі көрсеттіңіз. Алла разы болсын!», «Керемет ! Жасаған ісіңіз, жақсылықа әкелсін!» деп пікірлер қалдырған.

«Өмірлік ұстанымым – нысап сайын береке», «Бар бастаманы соңына дейін жеткізу бизнестегі әдетім. Қайырымдылық шаралары да сол секілді» – деген О.Қожамжарұлы алдағы уақыттарда білім саласына да біршама көңіл аударатынын жеткізіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сөз болған «Туған жер» бағдарламасының әрқашан да басынан табылатындығын жеткізді.


Өз тілшімізден


Тегтер: оралбек, ботбай, кәсіпкер, меценат, филантроп, астана, қазақстан, жаңалықтар

Пікір қалдыру