Көшпенділер ойындары: Қазақша күрестен екі балуанымыз финалға шықты

04 Қыркүйек, 2018 420 0


 

Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүізілік көшпенділер ойындарында қазақша күрес бойынша сайыстар өтуде. 

Қазақстандық екі балуан — Әбілқайыр Мәуленин (70 кг)мен Ерсұлтан Мұзафаров (90 кг) ақтық сынға жолдама алды. Ал абсолют салмақта Нұрдаулет Жарылғапов ¼ финалда түркіменстандық Куват Нуриевтен жарақатына байланысты жеңіліс тапты, — деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі. 
Әбілқайыр Мәуленин (70 кг) жартылай финалда Ресей елінен келген Владимир Ждановтың жауырын жер иіскетті. Ал Ерсүлтан Мұзафаров өз кезегінде эстондық Александр Мармелукты айқын басымдықпен жеңді.
Алтын медаль үшін ақтық сында Әбілқайыр Мәуленин жарыс қожайыны Мирлан Ералиевпен ал Ерсұлтан Мұзафаров өзбек елінің өкілі Сарвар Икромовпен белдеседі.  
Абсолют салмақта отандасымыз Нұрдаулет Жарылғапов ширек финалда ұтылып қалды. Осы салмақтың финалында Моңғолияда тұратын этникалық қазақ, қазақша күрестен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің жүлдегері  Серік Бердімұратұлы күреседі.  
Қысқаша айта кетер болсақ, Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 80-нен астам елдің 3000 жуық спортшысы қатысуда. Олар 37 спорт түрінен бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғайды.

Пікір қалдыру