Түркістан қаласында мектептерге автобус тапсырылды

30 Тамыз, 2018 350 0

Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысындағы кейбір білім ұяларына жаңа автобустар берілді. Көліктің кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жауапты қызметкерлерге облыстың білім сапасын көтеру жөнінде тапсырма жүктеді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom+ АА тілшісі хабарлап отыр.

Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі Сұлтанбек Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілді.

Зауыттан биыл ғана шығарылған ПАЗ-32054 маркалы автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн.50 мың теңге қарастырылған. Енді, зауыттан жуырда ғана шыққан бұл автобустар Түркістан облысының шалғай елді мекендерінде тұратын оқушыларды білім ордаларына тасымалдау мақсатында оқушыларға қызмет етеді.

 


Тегтер: түркістан, түймебаев, автобус, жаңалықтар

Пікір қалдыру