Әлем жаңалықтары 22 тамыз 14:29 iPhone 5S өмірге жаңа жолдама алды

22 Тамыз, 2018 77 0

iOS 12 сегізінші бета-нұсқасы iPhone 5S-ті «өмірге қайта әкелмек».

iOS-тің әрбір жаңа нұсқасы ескі смартфондардың қызметін едәуір баяулатады. Мысалы, әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған iPhone 5S iOS 10 және iOS 11 жүйелерінде аса қиындықпен қызмет етеді, өйткені аппарат иелерінің басым көпшілігі өз смартфондарын 9-нұсқадан кейін жаңартпаған.
Алайда, жаңадан шыққан iOS 12 сегізінші бета-нұсқасы iPhone 5S смартфонына мүлдем жаңа өмір сыйламақ. iAppleBytes каналының YouTube-блогері 2013 жылғы флагманның iOS 12 және iOS 11.4.1 нұсқаларында қалай жұмыс істейтінін салыстырып, көпшілік назарына ұсынды.

iOS 12 жүйесінде iPhone 5s бета-нұсқасы айтарлықтай жылдам қызмет ететін болды, бұл ретте оның жылдамдығы 20 секундқа артқаны байқалады.

Дереккөзі: Сегодня

Пікір қалдыру