Ауруханадағы 16 медбике бірден жүкті болып қалған

19 Тамыз, 2018 683 0

АҚШ-тың Аризона штатындағы 16 медбике бірден жүкті болған. Бұл туралы CNN сілтеме жасаған newsroom.kz жазып отыр.

Медбикелердің айтуынша олар бірден жүкті болып қалуды ойламаған. Алайда олардың босану уақыты осы жылдың қазан айы мен келесі жылдың қаңтар айында қатар келеді. Аурухана басшылығы олардың барлығын бірден  12 апталық демалысқа жібермек. Медбикелердің мұндай жаңалығынан хабардар болған аурухана басшылығы оларды келесідей: химиотерапия жүргізу; туберкулезбен ауыратын науқастарды күту секілді міндеттерден босатқан. Әйелдердің айтуынша оларға барлығы жиналып, түскі асқа бірге барған ұнайтын көрінеді. Ал, жүкті әйелдердің бұл жаңалығынан хабардар болған кафетерии қызметкерлері мәзірлеріне тұздалған қияр мен зәйтүн қосқан.

Тегтер: ақш, жаңалықтар, медбике, әлем

Пікір қалдыру