Табақ тарта білеміз бе?

15 Тамыз, 2018 1803 0

Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдыңа əкеліп ас қойдым, екі қолыңды бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ тарту да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың жас ерекшеліктеріне, дəрежелеріне қарап үлестіріледі.

Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақ келінінің кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.

Тегтер: еттарту, табақтарту,

Пікір қалдыру