«Smart Pavlodar» қосымшасы әлеуметтік бағдарламаларды жылжытуда

14 Тамыз, 2018 157 0

Павлодар әкімдігі тұрғындардың өмірін жақсартатын «Smart Pavlodar» электрондық қосымшасының жұмысын жандандырып жатыр. Оның функциясы бүгінде 22 қызметке жетті.

«Енді кез келген адам үйден шықпай-ақ, смартфонға бағдарламаны орнатып көптеген қызметті пайдалана алады. Мәселен, тұрғын үй кезегін білуге болады. Сондай-ақ, электрондық еңбек биржасының порталы арқылы кез келген адам өзінің әлеуметтік статусын анықтап, бос жұмыс орындарының тізімін қарауына және резюме таратуға мүмкіндігі бар», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Шипажайлық-курорттық емдеу» орталығындағы кезекті де осы «Smart Pavlodar» бағдарламасынан білуге болады.

Павлодарлық мемлекеттік қызметкерлердің пікірінше, аталған бағдарламаны нәтижелі қолдану өңірдегі цифрландыру процесінің сәтті жүзеге асып жатқандығын көрсетеді. Жаңа технологиялар мемлекеттік мекемелердің жұмысына қысқа мерзім ішінде оң өзгеріс әкелуге серпін береді.

Аталмыш бағдарламаны тұрғындар Play Market немесе AppStore қосымшаларынан жүктей алады.

«Мұндай бағдарлама өте ыңғайлы. Ондағы «Әлеуметтік қорғау» бөлімі BFGroupInc ЖШС-тің бастамасымен жасалды. Мобильдік қосымшаны Play Market мен AppStore-ден тегін жүктеп алуға болады», – деді BFGroupInc ЖШС директоры Сергей Голышев.

Бұл бағдарлама арқылы жұмыспен қамту орталығыныың өкіліне «Үндеу жазуға» және бірден қоңырау шалуға болады. Осының арқасында өңірдегі жұмыспен қамту саласы мен әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жоғары қарқынмен жүргізілуде.

С. Голышев айтқандай, «Smart Pavlodar» мобильдік қосымшасындағы «Әлеуметтік қорғау» бөліміне кіргендердің саны бүгінде 20 742 адамды құрады. Бұдан көретініміз, аталған бағдарламаға қызығушылық танытып жатқандардың саны көбеюде. Ең бастысы – бұл қосымша қолданушыларға қажет. 

«Smart Pavlodar» электрондық бағдарламасы «Smart city» концепциясының төңірегінде іске қосылған болатын. Цифрлық жүйе тұрғындардың өмірін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді қылуға арналған. Сонымен қатар, ол коммуналдық және сервистік қызмет көрсетеді. Бүгін бұл бағдарлама өз мүмкіндігіне сәйкес 80 пайыз жұмыс істейді. Дегенмен, жақын уақытта оның мүмкіндігін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Аталған қосымшадан тұрғындар өз үйінің техникалық жағын біле отырып, онлайн режимде коммуналдық кәсіпорынға өтініш жазуларына болады. 

Тегтер: смарт, қала, Павлодар

Пікір қалдыру