Әлемді араламақ болған аруды алғашқы сапарында өлтіріп кетті

12 Тамыз, 2018 814 0

25 жастағы мексикалық ару Мария Матус Тенерио әлем аралауды көздеп, жолға аттанған. Алайда, оны алғашқы сапарында зорлап, өлтіріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлем саяхатын Коста-Рикадан бастаған бойжеткен ойда жоқта бақилық болды. Алғашқы сапарында ол британиялық қызбен танысып, екеуі бірге жағалауда қыдырған көрінеді.

Сол жақта жүрген екі ер азамат қыздарға күш көрсетіп, зорламақ болған. Британиялық азаматша сол мезетте қашып үлгерсе, Мария жауыздарға жем болған.

Қылмыскерлер қызды зорлаған соң полицияға ұсталмас үшін оны өлтіріп тастапты.

Бойжеткеннің денесі жағалаудан табылған.

 

Тегтер: коста, рика, қылмыс, ару, жаңалықтар

Пікір қалдыру