Моңғолияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

12 Тамыз, 2018 538 0

Моңғолияның оңтүстік-шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті деп хабарлайды МОНЦАМЭ агенттігі.

Оқыс оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі - жас бала. Пойызда жалпы 328 жолаушы болған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр, пойыздың апатқа ұшырау себептері әлі жария етілген жоқ.


Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Тегтер: моңғолия, пойыз, апат, оқиға, жаңалықтар

Пікір қалдыру