Ғалымдар ұзақ ұйықтаудың өмірге қауіпті екенін анықтады

10 Тамыз, 2018 622 0

Ұлыбританияның Чунь Шинг Квон бастаған ғалымдары ұзақ ұйықтаудың денсаулыққа зиян екенін анықтады. Олар бұл әдет, тіпті мезгілсіз қазаға душар ететінін ескертуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Teleprogramma.pro сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу барысында ғалымдар үш миллионнан астам адамның түсін бақылаған. Белгілі болғандай, егер адам тәулігіне он сағаттан артық ұйықтаса, оның мезгілсіз қазаға душар болу мүмкіндігі отыз пайызға артады.

Зерттеушілер ұзақ ұйықтауды ұнататындардың инсультке немесе жүрек-қан тамырлары дертіне жиі шалдығатындарын анықтады.

Олар адамдарға тәулігіне жеті-сегіз сағат қана ұйықтауға кеңес беруде.

 

Тегтер: ұйқы, ағза, адам, демалыс, зерттеу, ғалым

Пікір қалдыру