Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

03 Тамыз, 2018 494 0

«Түркістан облысы Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды», деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімінің Өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды.

Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі журналист, құқықтану.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған.

2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор – бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.

Осы орайда, баспасөз бен мерзімді басылымдарда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен білікті маман, білгір басшы Бейсенбай Дәулетұлының жаңа қызметіне newsroom.kz ақпарат агенттігі ұжымының атынан толағай табыс тілейміз!


Тегтер: бейсенбай, тәжібаев, тағайындау, түркістан, облыс

Пікір қалдыру