eGov арқылы электронды цифрлы қолданбасыз салық төлеуге болады

02 Тамыз, 2018 329 0

EGov.kz порталында электронды цифрлы қолданбасыз салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге арналған жаңа қызмет түрі іске қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Цифрландыру аясында барлық салада қызмет көрсету күннен күнге жеңілдетілуде.

«Енді салық төлемдерін орындау үшін тек салық төлеуші ретінде тіркеліп әрі қарай керекті ақшалай төлемді орындаса болғаны. Сондай-ақ, салық төлеуші жеке тұлға ретінде өз бетінше тіркеліп, заңды тұлға ретінде БСН деректерін толтыру арқылы салық төлей алады», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (NIT) компаниясының басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Аталған қызметті орындағаннан кейін заңды немесе жеке тұлғаға электронды түбіртек беріледі.

Порталда бұдан өзге бірнеше типтегі міндетті төлемдер мен салық түрлері көрсетілген.

Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықтарды және міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді. Атап айтатын болсақ: корпоративтік табыс салығы (2 түрде); жеке табыс салығы (3 түрде); әлеуметтік салық; заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы (2 түрде); заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы (6 түрде); акциздер (12 түрде); арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы (10 түрде); экспортқа салынатын рента салығы (2 түрде); ойын бизнесіне салық (2 түрде); тіркелген салық; алымдар (10 түрде); төлемдер (15 түрде); кедендік төлемдер (27 түрде); басқа төлемдер (2 түрде); баждар (2 түрде).

Сондай-ақ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (NIT) компаниясының басқарма төрағасының мәлімдеуінше бүгінгі күнге дейін «электронды үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін тек салықтың төрт түрі ғана болды: мүлік салығы, көлік салығы, жер салығы және айыппұлдар, төлемақы өсімдері, салықтар бойынша берешек.

Айта кетелік, өткен айда порталда  Telegram-бот арқылы көрсетілетін қызметтер түрлерінің саны толықтырылған болатын. Бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болатынын, естеріңізге саламыз. Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.

Тегтер: eGov, төлем

Пікір қалдыру