Түркістан облысында педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылды

24 Шілде, 2018 402 0

Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom+ АА жазды.  

Облыс бойынша жұмыс іздеу және жұмыссыздық пайызын төмендетіп, қолжетімділікті және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін «jumys.sitcen.kz» жүйесі енгізілді. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оның айтуынша, бұрын педагогикалық лаузымға үміткерлер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері бос орындар туралы мәлімет алу үшін әр мектепті аралау қажет болатын болса, электронды жүйе арқылы өтінішті онлайн-режимде тапсырып, ашық конкурстық іріктеуден де өтуіне мүмкіндік береді

«Бүгінгі таңда жүйеде 2500-ге жуық пайдаланушыса болса, онда 500-ге тарта бос жұмыс орны орналастырылған. Қазір жоба арқылы 26 өтініш түсіп отыр. Бұдан өзге, облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау процесінің автоматтандырылған mektep.sitcen.kz порталы іске қосылды», - деді Бастар Әуелханұлы.

Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру» процесін автоматтандыру жүйесі 358 мекемені қамтып отыр. Басқа аудандар мен қалаларда жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйелер түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, азаматтар үшін барынша ашық түрде және қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі таңда орта білім беру салаларында мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастық аясында «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» енгізілуде. Қазір 901 мектептің 87 пайызы жобаға тіркеліп, жұмыс жүргізуде», - деді Бастар Есқараев.

Ағымдағы жылы Түркістан облысында цифрлық білім беру ресурстарын енгізу аясында 1500 BilimBook ноутбуктарын және 200-ге жуық интерактивті панелдерін сатып алынып, нәтижесінде оқушыларды компьютерді қамту деңгейі едәуір артатын болады.


Тегтер: түркістан, облыс, педагогика, цифрлық, қазақстан

Пікір қалдыру