Ақтөбеде «Smart City» бағдарламасы іске асырылуда

17 Шілде, 2018 292 0

Бағдарлама аясында Ақтөбе облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру пилотты түрде жүзеге асырылуда. Бұл жайында бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. 

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы әкімдігі мен «КазЦентр ЖКХ» АҚ бірлесіп, «Е-Шаңырақ» біртұтас зерделі ақпаратты жүйесіне пилотты 9 үйді қосу жұмыстары атқарылуда.

«Әкімдік пен «Қазпошта» АҚ бірлесіп тұрғындардың ыңғайлылығы үшін Ортақ төлем құжаты жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта, жобаға            42 мекеме қосылған. Төлемдер «Қазпошта» АҚ және банктердің сайттары мен мобильдік қосымшалары арқылы жүргізіледі», – деді облыс басшысы Б.Сапарбаев.

Пилоттық үйлерде 36 ортақ есеп аспабының 33 бірлігі орнатылған.

«Цифрлық технологияны қолдану арқылы энергияны тиімді қолдану орталығы ашылды. Соның нәтижесінде біз қазір, 540 пәтерде пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Ондағы басты мақсатымыз сол пәтерлердегі жылу жабдықтарын, судың төлем ақыларын азайтамыз», - деп айтып өтті Б.Сапарбаев.

Жылу есеп аспабын орнатудың тиімділігі, тұтынушының төлемдерінен жылыту бойынша 46%-ға, ыстық су бойынша 33%-ға үнемдеу байқалады.

 «Е-Шаңырақ» жүйесінің тиімділігі көрсетілетін қызметтің айқындығында, тұтынуды үнемдеуде, көрсеткіштерді автоматты түрде жинақтауда, қолайлы пайдалануда және смартфон қосымшасын пайдалану арқылы есептеулерді бақылауда ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ, ортақ төлем құжатын енгізудің басты тиімділіктері көптеген есеп айырысу кітаптарының, түбіртектердің жойылуы, ақпараттың айқындығы, тұтынушының жеке кабинеті арқылы төлемдерді басқару мүмкіндігі, жұмыс жасау қызметін жетілдіру тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде «бір терезе» қағидасын қолдану, кезектер мен күті уақытының азаюы .

Айта кетелік, жобаның құрылысы осы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басталатын жаңа ақпараттық технологиялар орталығы жанынан жүзеге асырылады. Орталық жұмысы сондай-ақ, стартаптар мен дамып келе жатқан ІТ-компаниялар үшін барынша қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталмақ.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ақылды қалалардың» типтік тұжырымдамасы вице-премьер министр Асқар Жұмағалиевтің бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингімен жүзеге асырылуда.    

Тегтер: Цифрлік, Қазақстан, Ақтөбе, Сапарбаев

Пікір қалдыру