"Дауыс" мега жобасының жұлдызы экс-күйеуінің қолынан қаза тапты

14 Шілде, 2018 921 0

Камбоджиялық "дауыс" мега жобасының әншісі Сан Срейлай экс-күйеуінің қолынан қаза тапты деп хабарлайды Life.ru.

Аталмыш оқиға, Сан сән салонынан қайтып келе жатқанда орын алған. Оның күйеуі аулада күтіп тұрып, көрген бетте тапаншамен атып салған. Әншінің о дүниелік болғанына көзі жеткен соң ол өз-өзіне қол жұмсаған. 
Айта кетуіміз керек Сан бар жоғы 23 жаста еді. Ал оның күйеуі одан 30 жасқа үлкен ер адам. Екеуінің арасында екі бала қалған. Сан аталмыш оқиғадан біраз уақыт бұрын, мега жоба басталған соң, күйеуімен ажыраспақ болған. Санның әпкесінің айтуы бойынша ол күйеуімен тіл табыса алмаған екен. 
 


Тегтер: кек, қылмыс, мегажоба, дауыс

Пікір қалдыру