Ермұхамед Ертісбаев саяси шоу жүргізбек

12 Қыркүйек, 2019 130 0

«Хабар» Агенттігі жаңа телевизиялық маусымның тұсауын кесті. Отандық медиа әлеміндегі алып телекомпания көптің көкейін мазалаған мәселелерді қаузайтын өткір репортаждар мен саяси ток-шоулар көрсетпек. 

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның дарынды азаматтары бақ сынайтын «Орта Азия таланттар шоуы» да жақында көрерменге жол тартады. «Хабар» өзгерді. Жаңа маусымда тартысты талқылаулар мен өртеніп тұрған өзекті тақырыптарды қамтитын телеөнімдер ұсынылады. Осы жексенбіде «Орта Азия таланттар шоуы» көрерменге жол тартады. Біздің Агенттік Еуропалық тарату одағының мүшесі болғандықтан, Қазақстан биыл да балалар Евровидениесіне қатысады. Бұл жолы ел намысын Ержан Максим қорғайды. Азулы саясаткер Ермұхамед Ертісбаев саяси шоу жүргізіп, көгілдір экранға шығады. Бұдан бөлек «Хабар» арнасы 11 жаңа телехикая көрсетпек. Оның ішінде «Бекзат», «Батырлар жолы», «Қаламгер» секілді фильмдер бар. 

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері: - Сериалдарға басымдық беріп отырмыз. Сан түрлі жанрларға кезек беріледі. Соның ішіндее комедия, мелодрама, әскери және тарихи драмалар, биографиялық фильмдер, тұлғатануды насихаттайтын, өмірден өткен ғұламалар мен ұлы адамдарымызды ұлықтайтын фильмдерге баса назар аударып отырмыз. Бұл «Хабар» Агентігінің әлеуметтік жауапкершілігі деп білеміз. Ал «Еларна» тәжірибелі режиссерлердің шебер шешімдері мен жас суреткерлердің өткір ойларын киносүйер қауымға ұсынбақ. Авторлық фильмдер мен «Еларна» түсірген қысқаметражды киноткартиналар, Еуропа мен Азияның алтын қоры көрерменге жол тартады. Сонымен бірге халықаралық әрі республикалық кинофестивальдер тікелей эфирде көк жәшікте көрсетілмек.  «Хабар» Агенттігі 4 отандық телеарнаны біріктіреді. Солардың бірі «Хабар 24». Тәулік бойы ақпарат тарататын біздің арна әдеттегідей жылдамдық мен сапаға аса мән бермек. 

Алёна Горбачёва, «Хабар 24» арнасының директоры: - Басқа отандық телеарналармен салыстырғанда, бүгінде «Хабар 24» ақпараттық контентті тікелей эфирде көп көрсетеді. Ал жаңа маусымда біз лайф санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Дәлірек айтқанда, жаңалықтарда тікелей қосылымдар, салиқалы сұқбаттар, сарабдал сарапшылардың қатысуымен болатын сөз тартыстар көп болмақ.  «Қазақ ТВ» жаңа маусымда отандық туризм мен ұлттық мәдениетімізді насихаттауды жалғастыра бермек. Осы орайда көзі қарақты көрерменге тың жобалар ұсынылмақ. Мәселен, «Қазақ лайф дәстүр» бағдарламасын белгілі әнші Тамара Асар жүргізеді. «Қазақ лайф тағам» хабарының тізгінін айтыскер ақын Айнұр Тұрсымбаева ұстайды. Ал «Қазақ лайф сән» туралы атақты продюсер Баян Мақсатқызы әңгімелейді. Қысқасы, «Хабар» ертедегідей болмайды. 

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы: - С каждым годом мы расширяем географию нашего вещания. Наш спутниковый канал «Казах ТВ» охватывает более 180 стран, а «Хабар 24» станет доступным для зрителей не только Казахстана, но и России и Белорусии. Так что смотрите «Хабар». К сожалению, не все будет так как в сказке!  

Авторлары: Ж.Біркенов, Е.Кеншімбек



Тегтер: хабар, агенттік, ермұхаммед, ертісбаев, жаңа, маусым, жаңалықтар, ринат, кертаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.