Чехияда қазақстандық азамат көз жұмды: СІМ оқиғаға қатысты пікір білдірді

12 Қыркүйек, 2019 103 0

Чехия астанасы Прагада қазақстандық азамат көз жұмды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстандық елшілердің Алпысбаев жұмыс істеген чехиялық Wunderman компаниясымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде, компания мүрденің Қазақстанға жеткізілуіне қажетті шығындарды төлеп береді», - дейді СІМ-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Министрліктегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта жігіттің мүрдесін жақын күндері Прагадан Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews.kz мәліметінше, 27 жастағы Есет Алпысбаев Прагада 4-дәрежелі қатерлі ісіктен көз жұмған. Ол Прагада 2011 жылдан бері тұрған екен. Марқұмның досының сөзінше, жігіттің асқазаны қатты ауырып, чехиялық ауруханаға түскен. 

«Оған чехиялық ауруханада ота жасалуы тиіс еді. Алайда отаға дейін жүрегі шыдамапты. Жақсы жігіт еді. Қыркүйектің 6-сынан 7-сіне қараған түні қайтыс болған», - дейді марқұмның досы Әділет Молдашев. 


Тегтер: Чехия, Прага, азаматша, өлім, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.