Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - баршамызға ортақ іс

12 Қыркүйек, 2019 146 0

Ел жастары – егемен еліміздің ертеңі. Мемлекеттің тұтқасын берік ұстап, болашаққа нық қадам баса алатын бәсекеге қабілетті адал ұрпақ өсіру – еліміздің бүгінгі басты мақсаттарының бірі.

Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы да, өскелең жастардың қоғам алдындағы маңыздылығын айқын аңғартады. Ел жастарының адалдық, парасаттылық құндылықтарына қанық болып өсуі – Қазақстанды қуатты мемлекеттер қатарына қосуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар ауданына қарасты Жастар, дін және этно-мәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарының қасиетін қазбалап, бірлестік өкілдеріне тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде Г.Төлегенқызы жастар мен дін өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенділік танытуға үндеп, еліміздің өркениет жолына қадам басуына кедергі келтіретін қоғам кеселімен бірге күресуге шақырды.

Шарада «Есен ана» мешітінің бас имамы Е.Киізбаев пен «Тәйтелі ата» мешітінің бас имамы М.Сұлтанқұлов белсенділік танытып, парақорлық адами тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да ауыр қылмыс, әрі кешірілмес күнә екендігін кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары барысында 1424 сенім телефонының қызметі таныстырылып, жемқорлық көріністеріне ұшырасқан жағдайда міндетті түрде көрсетілген сенім телефонына қоңырау шалу қажеттілігі түсіндірілді.

Шара соңында Г.Төлегенқызы заңнамалық жаңалықтарды талқылап, бірлестік өкілдерінің назарына сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары негізінде арнайы әзірленген бейнероликті ұсынды.

Тегтер: Сыбайласжемқорлық, мемлекет, бәсеке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.