«Әблязов халықты алаңға қан төгілісін деп шақырады» - Ертісбаев

09 Қыркүйек, 2019 173 0

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев соңғы кездері болып жатқан митингілерге қатысты пікір білдірді. 

Экс-елші informburo.kz сайтына берген сұхбатында өз ойын ортаға салған, деп жазады «Жас Алаш».

Ертісбаевтың пікірінше, барлық елде протест білдіретін электорат бар. Алайда, Қазақстанда орта класс барда революция болуы мүмкін емес.

«Сондай-ақ, Ұлттық қорда 80 млрд доллар бар. Мен елші болған Грузия халқының 99 пайызы кедей тұрады», – деді экс-елші.

Ермұхамет Қабиденұлы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ (ДВК) қозғалысы мен оның басшысы Мұхтар Әбязовқа қатысты пікірін де білдірді.

«Әблязовке қазақстандық «аспан жүздігі» керек. Қан төгілісін деп халықты алаңға белсенді түрде шақырады. Мен Әділет министрлігімен келісемін. ДВК – экстремисттік ұйым. Олар Нұр-Сұлтанда 50 мың, Алматыда 100 мың адамды көшеге шығару керектігін айтады. Президент резиденциясы мен әкімдікті қолға алсақ, полиция біз жаққа өтеді дейді. Бұл – мемлекеттік төңкеріске ашық шақыру», – деді саясаткер өз сұхбатында.

Тегтер: ертісбаев, жаңалықтар, қазақстан, митинг, оқиғалар, әлем, саясат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.