Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан ант беруге неге келмеді?

04 Қыркүйек, 2019 297 0

Мәжіліске жаңадан тағайындалған депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді. Ал белгілі актер, әнші Нұрлан Әлімжан маңызды рәсімге келмеген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, "Елбасы жолы" киноэпопеясында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжан бүгін мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатыспаған.

Бұның себебін білмек болмаған Sputnik Қазақстанға актер пікір бір аптадан кейін хабарласуын сұраған.

"Бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын, бір аптадан кейін хабарласыңыз, барлық сұраққа жауап беремін", - деген Нұрлан Әлімжан.

Ал қалған үш жаңа депутаттың салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берген.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді халық қалаулылары.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанның мәжіліс депутаты болатынын хабарлағанбыз.


Тегтер: НұрланӘлімжан, депутат, тағайындау, ант

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.