Маңғыстаулық өнерпаздар Нұр-Сұлтаннан олжалы оралды

04 Қыркүйек, 2019 193 0

Нұр-Сұлтанда «БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестивалінің ауқымды ақтық мәресі өтті, деп хабарлайды newsroom.kz Ұлттық Дельфий комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ауқымды шығармашылық оқиға – «БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестивалінің ақтық мәресі өтті. Қалалық саябақта Қазақстанның түкпір-түкпірінен шығармашылықтың 5 түрі: вокал, хореография, әнді ым-ишара тілінде орындау (ерекше қажеттілікке ие дарындар), халық аспаптары, театр түрлері бойынша 250-ден астам өнерпаздар қатысты. Финалға қатысушылар нөмірлері мен қойылымдарын 4 ай бойы дайындаған, осылайша олар елордалық фестивалдің көрермендері мен өкілетті қазылар алқасының жүрегін жаулап алды.  

«БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестивалі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ - CISC мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда. Фестивальдің ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған мәдени жоба екі кезеңде өткізіліп отыр: бірінші іріктеу туры 13 мамыр мен 28 шілде аралығында өткізілді. Елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың 1500-ден астам онлайн-өтінімдерін қабылдаса, екінші тур – фестивальдің ақтық сыны 250 финалистің қатысуымен елордада өтті. Одан басқа, шілде-тамыз айларында жоба шеңберінде Петропавл, Семей, Атырау, Орал, Тараз қаласының дарынды жастары үшін мәдениет саласының қызметкерлері мен сарапшылардың шеберлік сағаттары өткізілді. Ұлттық  Дельфий комитетінің қазылар құрамына кірген еліміздің мәдениет қайраткерлері қатысушыларға менторлық қолдау көрсетті.

Фестивальдің ақтық сынында еліміздің Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан 14-пен 28 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатысты. Олар ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері мен мәдениет және білім берудің еңбек сіңірген қызметкерлерінен тұратын өкілетті қазылардың алдында өз шеберлігін көрсетті.

Маңғыстау облысы бойынша бас жүлде (вокал) Дегдар Жолдасбай, Жумагазиева Динара иеленді. Бас жүлде театрлық қойылымнан «Жастар театры» алса3-орынды «Шұғыла» би ансамблі қанжығасына байлады.

Еліміздің Ұлттық Дельфий комитеті ұйымдастырған ауқымды халықаралық фестиваль де мәресіне келіп жетті. Мұның бәрі жалпымемлекеттік, жалпыұлттық бағдарламаны қолдау, мәдениетті, өнерді көтеру үшін өткізіліп отыр», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко. 

«БӘЙТЕРЕК-FEST» жобасы елімізде жарияланған Жастар жылы аясында өткізіліп отыр. Екі айдан астам уақыттан бері өткізіліп, бүгін қорытындыланып отырған фестивальге 1000-нан астам өнерпаз қатысуға ниет білдірген болатын. Бүгін солардың арасынан суырылып шыққан мыңнан жүйрік, жүзден тұлпарлар өнер көрсетті», - деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ директорының орынбасары Жанар Төлеген.

Конкурстық комиссия ұсынылған аталымдардың әрқайсысы бойынша бірінші,  екінші және үшінші орын иегерлерін анықтады. Үш жарқын финалға қатысушы Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобасына қатысу құқығын иеленді.

Дереккөз: Елорда Инфо


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.