Жеке кәсіпкерлікті онлайн түрде тіркеуге болады

02 Қыркүйек, 2019 93 0

Егер сіз бизнес ашуды жоспарласаңыз, заңды түрде Жеке кәсіпкерлікті онлайн түрде тіркей аласыз.  

Бұл туралы нысқа да нұсқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау бойынша

филиалының баспасөз қызметі айтып берді.

Қызметті онлайн алу үшін:

1.Кәсіпкерлікті ашқаныңыз туралы хабарлама жіберу үшін еlicense.kz порталына тіркелуіңіз керек

2."Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама" қызметінің бетіне өтіңіз;

3. Қызметке онлайн тапсырыс берген соң, салық органын таңдайсыз;

4. Өтінішті толтырып, жеке мәліметтеріңізді енгізесіз; 

5. Кейін мемлекеттік кіріс органының растауын күтесіз;

6. Бұдан әрі ашылған терезеде кәсіпорыныңыздың деректемелері мен параметрлерін көрсету қажет: мекенжай, атауы, қызмет түрі, салық салу нысаны және т. б.

Ең соңында сұранымды ЭЦҚ-мен растайсыз, жеке кәсіпкерліктің ашылғаны туралы хабарлама бір күн ішінде жеке кабинетіңізге келіп түседі.

Кәсібіңіз табысты болсын!

Тегтер: бизнес, жекекәсіпкерлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.