"12 сиыр сауған кезім болған": Индира Расылхан таңғы алтыда тұрып жұмыс істегенін есіне алды

02 Қыркүйек, 2019 187 0

Индира Расылхан таңғы алтыда тұрып жұмыс істегенін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Танымал әнші балалық шағын есіне алып, әкесінің шаруа қожалығы болғанын айтып берді. Үйінде үш қыз болған Индира Расылхан демалысының қалай өткенін жеткізген болатын. Осылайша ол ауылдың қарапайым қызы болғанын байқатқан. 

"Бір кездері менің әкемнің өзінің мал шаруашылығы болды. Сол шаруашылықта көмектесуіміз керек болды. Үйде үш қызбыз. Демалыс уақыттарында міндетті түрде сол жақта жүретінбіз", - деп есіне алды Индира Расылхан. 

Тіпті өнер иесінің оннан артық сиыр, бие сауып, әкесіне жәрдемдескені де бар көрінеді. Ол осылайша мал шаруашылығымен айналысып көргенін айтып мақтанды. 

"Таңертең сағат алтыдан 12 сиыр сауатын кездерім де болған. Тіпті арасында одан бөлек бие де сауатын едік", - дейді Индира Расылхан. 


Тегтер: ИндираРасылхан, әнші, отбасы, келін

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.