Димаштың отбасы Игорь Крутойдың туған күніне не сыйлағаны белгілі болды

02 Қыркүйек, 2019 338 0

Димаштың отбасы Игорь Крутойдың туған күніне не сыйлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Россия-1" арнасына сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген мен әншінің отбасы композитор Игорь Крутойдың Түркияда өткен туған күніне барып, қуанышымен ортақтасқан. Өнер иесінің отбасы туған күнге қандай сыйлық жасағаны туралы Андрей Малахов айтып берді. 

"Менің ойымша бұл сіз туған күніңізге алған ең керемет сыйлық болды", - дейді Малахов.

Димаштың отбасы Игорь Крутойға үлкен портрет сыйлаған. Суретте композитор мен келіншегінің бақытты шағы бейнеленген. Димаштың отбасы композитордың шаңырағына жақсылық тіледі.

"Біз отбасымызбен қандай сыйлық сыйласақ екен деп көп ойландық. Біз Ольга екеуіңіздің махаббаттарыңызға куә болып жүрміз. Келесі жылы отау құрғандарыңызға 25 жыл толады. Осы қонақтар 50, 75 жылдық мерейтойларыңызға да келсін", - дейді Қанат Айбаев.


Тегтер: ДимашҚұдайберген, әнші, отбасы, композитор

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.