Өлер алдында өтінген: Ер адам марқұм қызына берген уәдені орындау үшін 90 килограмға арықтады

22 Тамыз, 2019 389 0

Уэльс қаласының тұрғыны қызының өлер алдында айтқан соңғы өтінішін орындау үшін 90 килограмға арықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Wales Online сайтына сілтеме жасап. 

56 жастағы Майк Саммерстің қызы осыдан үш жыл бұрын кеуде рагынан көз жұмған. 

«Соңғы рет сөйлескенімізде ол маған күйеу балама балаларды өсіруге көмектесуімді сұрады», - дейді ол. 

Ол уақытта Саммерстің салмағы 170 килограмм еді. Сондай-ақ, ол жүрек пен өкпе созылмалы ауруларына шалдыққан. 

«Қызымды жоғалтқаннан кейін ғана маған бірнәрсе болса, басқалардың да өмірінің астаң-кестеңе шығатынын түсіндім», - дейді ол. 

Бұған қарамастан, Майк бір де бір рет жаман әдеттерінен бас тартпаған. Ол таңнан кешке дейін таңғы асқа бәліш, кейін бутерброд, сырттан тамақ және тапсырыс беріп алғызып жеп отырған. Басқа уақыттың өзінде де тамақ жеп отыратын болған. 2018 жылдың басында оның денсаулығы нашарлап, ол ауруханаға түсіп қалады. 

«Мен мұны өзімнің бас пайдам үшін емес, жақындарым үшін жасадым», - деп түсіндірді Майк. 

Бір жыл бұрын Саммерс Slimming World ұйымы ұсынған арықтау бағдарламасына жазылған. Диета мен физикалық белсенділіктің арқасында ол 12 ай ішінде 76 килограмға арықтады. 


Тегтер: диета, семіздік, арықтау, физикалықбелсенділік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.