«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін арттыруда

10 Шілде, 2018 583 0


«Цифрлық Қазақстан» өз кезегінде инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін арттыруға, жаңа дүниелердің пайда болуына зор ықпалын тигізуде. Бұл жөнінде «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры өз мүмкіндіктерінің презентациясында  хабарлады деп жазды NewsRoom+ тілшісі.

«Astana Hub» стартаптардың дамуы бойынша жаңа бағдарламалар легін іске қосқандығын хабарлады. Атап айтқанда, ол – технопарктің екінші акселераттау бағдарламасы және жас IT-жобаларды кешенді дамытатын «100 стартап» жаңа жобасы.

Тұсаукесерде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қазіргі уақытта елде инновациялық жобаларды дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты.

– Жас жеткеншектердің осындай еңбекпен жасалған жұмыстарын көріп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың инновациялық экожүйе құру туралы идеясының орындалатынына нақты сенім пайда болды. Әрине, біз әлі  заңнамалық өзгерістерден, мамандардың сынынан өтуіміз керек, бірақ қазір пайда болған дүниелер соншалықты үлкен, мен осыны сезіндім, – деді ол.

Елімізің әр аймағынан келген, болашағынан IT-саласында үздік болатындай үміт күттіретін,әртүрлі республикалық байқаулар мен олимпиадаларының жеңімздары өз жобаларын ұсынды.

Презентацияға жоба ұсынушы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы  Қуаныш Маден ұстазымен бірігіп «құбыр тазалағыш роботты» ойлап тапқан. 

«Робот мұнай, су, канализация, өнеркәсіптік газды немесе басқа да құбырларды тазарту мақсатында жасалынған. Ашық конструкцияның арқасында құбырдың кез-келген түрін тазартуға болады екен, мұнай өңдейтін құбырларды тазату жөнінен бүгінгі таңда түсімізге де кіріп шықпаған, әлі де қол жетпеген нәтижені көруге болады.  Мысалы, қазір Қазақстанда мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы тәулігіне 2 млн. баррельді құрайды, ал бұл құрылғының көмегімен біз нәтижесіне кемінде 3 млн. баррельге қол жеткізе аламыз. Бұл дегеніміз Қазақстанның 2025 жылғы жоспарына пара-пар. Бұндай құрылғы әлемде еш елде қолданылмайды яғни дүние жүзінде аналогы жоқ. Қазіргі уақытта біз патентпен айналысып жатырмыз, патенттеудің соңғы сатысындамыз», –  дейді роботтың авторы Қ.Мәден.

Зейінді балалардың бұл жұмыстары әлем аренасынан ойып орын алатындай мүмкіндіктері көрініп-ақ тұр. Осындай креативтілікпен жасалған дүниелер елімізді цифрлық шешімдер орталығы ретінде биік белестерге шығарары сөзсіз.




Тегтер: цифрлық, қазақстан, астана, жаңалықтар, робот

Пікір қалдыру