Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады

16 Тамыз, 2019 263 0

Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды.

Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген. 

"Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террористке тойтарыс берді", - деп хабарлады Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд. 

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.




Тегтер: полиция, оқ, тойтарыс, жарақат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.