Семейлік кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ

15 Тамыз, 2019 96 0

Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасаймын деп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймын деген бизнес-жобасын қорғады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Балмұздаққа «Qaz Ice» деп ат қойған ол, ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді дейді.

– Көбіне кішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым. Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады, – дейді жас кәсіпкер.

Тәтті жобасын сәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.

Тегтер: Балмұздақ, QazIce, қымыз, кәсіпкер, бренд

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.