Мирас пен Құралай: Бала сүйе алмай көрпе астында жылап жатқан кезіміз көп болды

14 Тамыз, 2019 422 0

Сахнада қол ұстасып, бірге өнер көрсетіп жүрген әнші жұп Мирас пен Құралайдың өнеріне де, махаббатына да сүйсінген жандар жетерлік. Әнші жұп бір-бірін сүйіп қосылса да, өмірде қандай қиыншылықтарға тап болғанын әңгімелеп берді. 

Бұл туралы New Old Qazaqtar бағдарламасында айтылды. 

Мирас пен Құралайдың шаңырақ құрғанына 19 жыл уақыт өткен. Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр. Алайда олар бұл бақыттың оңай келмегенін айтады.

Жаңа отау құрған қос әнші біраз жыл бала сүйе алмаған. Алайда тағдырдың сынына мойымай, жұбын жазбай бірге күрескен.

"Бастапқы жылдары бала сүйе алмадық. Құралайға дәрігерлер ешқашан бала сүйе алмайсың деді. Түнімен көрпе астында жылап шығатын түндеріміз болды. Құралай мені төркініме апарып таста деп жылайтын. Мен қайынжұрттан ұялдым. Ер адам жыламайды дейді. Бірақ бізге ауыр соқты. Қазір құдайға шүкір 4 баламыз бар. Алла осындай бақыттан айырмасын", - деді әнші.

Мирас жарымен неке қияю сарайында танысқанын айтты. Махаббат бір көргеннен болмаса да, бірте бірте ара қатынас сезімге ұласқан. Бүгінде бір-бірінсіз өмірін елестете алмайды. 

stan.kz


Тегтер: әнші, өнерсахна, МираспенҚұралай, отбасы, бала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.